«Қазақ операсының сандуғашы»

 Ағымдағы жылдың сәуір айының 19-шы жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Қазақ опера өнерінің әншісі, педагог және КСРО-ның халық әртісі – Роза Үмбетқызы Жаманованың туғанына 90 жылдығына арналған әуенді дәріс өтті.

Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарды Роза Жаманованың өмірі және шығармашылығымен, биік сатыдағы музыкалық мәдиениеті өзіне деген қатал талабы, сирек кездесетін еңбекқорлығы, шырқалған тамаша әуенді сопраналық дауысы, вокалдық шеберлігімен таныстыру.