фото

Құрметті сайт пайдаланушылары!

Құрметті оқырмандар мен сайт қонақтары!

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың ресми сайтына қош келдіңіздер!

Біздің кітапхана – ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз етіп, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың рухани, мәдени және интеллектуалдық дамуына қызмет ететін маңызды әлеуметтік-мәдени орта. Бүгінгі таңда қоғамның дамуымен бірге кітапхананың да миссиясы кеңейіп, заманауи технологиялар мен жаңа форматтағы қызметтер арқылы оқырмандарға сапалы ақпарат ұсыну басты міндетке айналып отыр.

Ресми сайт – кітапхана өмірінің айнасы іспетті ашық алаң. Осы сайт арқылы кітапхананың қызметі, жүзеге асырылып жатқан жобалары мен бастамалары туралы толық ақпарат ала аласыздар. Біз әрдайым ашық диалогқа, тың идеяларға және жаңа ынтымақтастыққа дайынбыз.

«Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу», – деп Мемлекет басшысы атап өтті. Сондықтан әр оқырман үшін қолайлы, қолжетімді және заманауи орта қалыптастыруды басты мақсат етеміз.

Кітапхана – тең мүмкіндіктің кеңістігі. Кедергісіз білім – инклюзивті қоғамның іргетасы.

Құрметпен,

Кенжебекова
Жамал Қиянқықызы

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

СЕРІКТЕСТЕР

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы серіктестеріміз

[an error occurred while processing the directive]
[an error occurred while processing the directive]