ЗНКААРК және НОЗНКАААК арасында меморандум

Post Title

 Меморандум

Терезесі тең елдер ретінде келісімге келген Қазақстан  мен Ресей арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғалы 20 жыл толып отыр. Қазақ елі мен Ресей арасындағы байланыс ежелден басталады. Халық тілімен айтқанда, патша заманынан бері қарай қазақ пен орыс көрші болып келеді. 70-жылдай Кеңес одағының құрамында бірге болдық. Ал одан кейінде арамыз ажыраған жоқ. 1991 жылдан бері тәуелсіз ел ретінде  байланыс орнаттық. Екі елдің халқының достығы мен бірлігін мызғымайтын тұрақтылық белгісі деп айтуға болады. Соңғы жылдары Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері бірігіп, Кедендік одақ құрды. Тарихи–мәдени байланыс жағынан да,  бүгінгі таңда экономикалық тұрғыдан алғанда да, Қазақстан үшін Ресейдің орны бөлек. Кедендік одаққа, Еуразиялық одаққа  бірігудің мәні зор. Бұл жаңа әлемдегі Қазақстан мен Ресей арасындағы үрдіс. Мәдени гуманитарлық саладағы байланыс одан әрі дамуда. Қазақстан және Ресей мемлекеттерінің мәдени және рухани байланысын нығайту мақсатында осы күнге дейін бірталай іс-шаралар  қатарының куәгері болдық. Екі мемлекетте мәдениет орталықтары мен түрлі серіктестік жобалар өз жұмысын  атқаруда. Бұл шаралар әр ұлттың өзіндік ерекшеліктерін айқындап, достығымыз бен ынтымағымызды нығайта түсері анық. Еске салсақ, 2016 жылы 12 тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер министрі Кәрім Мәсімов, РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың  көшбасшысы Кейкі батырдың  және ұлт көсемдерінің мүрделерін көму үшін Қазақстанға, елге қайтару туралы  мәселені  көтерген еді. Ресейліктер тарапымен жәдігерді елге қайтаруға көп жылдан бері келіссөздер жүргізілді. Қазақстан өтініші бойынша Кейкі батырдың бас сүйегі  елге қайтарылды. Сонымен қатар қазақстандық тарап тағы бір ұлт азаттық көтеріліс жетекшісі Кенесары ханның бас сүйегін Отанына қайтару мәселесін көтерді. Ресей Премьері бұл сұрақты реттеуге атсалысатынын айтып, уәде берді. Қос мемлекеттің екі жақты қатынастарындағы сенім мен бір-бірінің тәуелсіздігін құрметтейтіні осымен көрініс тапқан.

Өзара қарым-қатынасымызды нығайту барысында, «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі және Новосібір облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасымен бірігіп өз ара қатынастарын реттеу мақсатымен меморандум қабылданды. Осы меморандумның арқасында 2017-2019 жылдарға арналған 3 жылдық бағдарлама құрылды.

Біз болашақта да достығымыз бен бірлігімізді сақтай отырып, біріккен жобаларды іске асыра береміз деген ойдамыз.

Коментарий

Поик в материалах