«Абай оқулары» фестивалі

Post Title

«Абай оқулары» фестивалі

 

Ағымдағы жылдың тамыз айының оныншы жұлдызында, Алматы қаласындағы Абай ескерткішінің алдында  Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының және Абай қорының   ұйымдастыруымен  Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған «Абай оқуларына»  Зағип жандар арасында  өткізілген фестивальден, Алматы қалалық «Абай оқуларына» жолдаманы жеңіп алған, Сейтжан Кенжеғұл, Хмырова Галина, Абдрахманова Зарина қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Кеште Кенжеғұл Сейтжан Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» атты шығармасынан үзінді орындады. Ұйғыр қызы Зарина Абдрахманова ұйғыр тілінде «Илим таппай мақтамма»  өлеңін, орыс ұлтының өкілі  Галина Хмырова Абайдың «Көктем» өлеңін оқып, көпшіліктің  ықыласына бөленді. Кеш соңында барлық қатысушылар қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған «Абай оқуларына» қатысып, ақын шығармаларын насихаттау ісіне белсене атсалысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталып,  шағын сыйлықтарға ие болды.

Өнер және спорт

 әдебиеттері бөлімі

  

Коментарий

Поик в материалах